"Менің Эко үйім", "Жасыл мекен", "Экология және біз" деген
Мектебімізде экологиялық білім берудің жалпы Республикалық апталығы аясында, тәрбиенің 5 ші бағыты экологиялық тәрбие беру бойынша "Менің Эко үйім", "Жасыл мекен", "Экология және біз" деген тақырыптарда сынып сағаттары өтіп, оқушыларға экологиялық проблемалар, ауаның ластану мен оны шешудің жолдары, адам мен табиғаттың байланысы жайында түсінік беріліп, оқушылар бойындағы экологиялық жауапкершілікті арттыру, салауатты өмір салты мен мәдениетті қалыптастыруға шақырылды.