«Қауіпсіз Интернет» ақпараттық кампаниясы өткізілуде. » №14 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№14 орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 53-56-22
Есепші бөлімі:
++7(7274) 53-56-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қауіпсіз Интернет» ақпараттық кампаниясы өткізілуде.
09
апрель
2021

«Қауіпсіз Интернет» ақпараттық кампаниясы өткізілуде.

  2021 жылғы 4-19 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен республиканың білім беру мекемелерінде «Қауіпсіз Интернет» ақпараттық кампаниясы өткізілуде.

 Мақсаты: балалар мен ересектер арасында интернет ресурстарды пайдалану мәдениетін қалыптастыру, интернеттегі сұхбаттасушыларға құрметпен қарау, желідегі қолданушыларының жауапкершілігін жоғарылату, ересек қолданушылардың  кәмелетке толмағандардың интернет сауаттылығына жауапкершілігі туралы ақпараттандыру.

 Кампания аясында республиканың білім беру мекемелерінде сынып сағаттары, ата-аналар жиналысы, оқушылардың тәжірибелі бағдарламашылар және психологтармен кездесулері, сұхбаттар, дебаттар және т.б. «Интернеттің оң және теріс жақтары», «Интернет дегеніміз не?», «Пайдалы әрі қауіпсіз интернет», «Балаларға қауіпсіз интернет бала кезінен қажет», «Интернет және біз» сынды тақырыптар қарастырылады.

Мектеп оқушылары арасында «Қауіпсіз Интернет», «Әлеуметтік желідегі этикет», «Интернет менің өмірімде» тақырыптарында шығармалар байқауы мен плакаттар, буклеттер көрмесі ұйымдастырылып, шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.
_______________________________
   С 4 по 19 апреля 2021 года по инициативе Комитета по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан в организациях образования республики проводится Информационная кампания «Безопасный интернет».

Цель  -  повышение среди детей и взрослых культуры пользования Интернет ресурсами, формирование чувства ответственности и уважения к собеседникам в сети интернет, информирование взрослых пользователей Интернет-услуг об ответственности за воспитание Интернет-грамотности несовершеннолетних.

 В рамках Кампании в организациях образования республики пройдут  классные часы, родительские собрания, встречи учащихся с опытными программистами, психологами, беседы, дебаты и др. мероприятия на темы: «Интернет: за и против», «Что такое Интернет?», «Путешествие в страну «БезОпасный интернет», «Полезный и безопасный Интернет», «Детям нужен с детских лет безопасный интернет», «Интернет и мы».

 📌Среди школьников пройдут конкурсы – выставки плакатов, буклетов,  творческих работ, сочинений на темы «Я ищу в сети добро» «Безопасный интернет», «Этикет сетевого общения», «Интернет - в моей жизни» и др.