Хаттама №2 «№14 орта мектеп-гимназиясы» КММ қамқоршылық кеңесінің отырысы » №14 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№14 орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 53-56-22
Есепші бөлімі:
++7(7274) 53-56-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Хаттама №2 «№14 орта мектеп-гимназиясы» КММ қамқоршылық кеңесінің отырысы
04
декабрь
2018

Хаттама №2 «№14 орта мектеп-гимназиясы» КММ қамқоршылық кеңесінің отырысы

Хаттама №2

«№14  орта мектеп-гимназиясы» КММ қамқоршылық кеңесінің  отырысы

Өткізілген мерзімі: 03.12.2018
Қатысқандар: 9 қамқоршылық кеңесінің  мүшелері, мектеп директоры Ж.Т.Сансызбаева, 
ДТІЖО Н.А.Ахмадиева, С.Сұлтанбекқызы.
Күн тәртібінде  қаралған  мәселелер:
1. Мектептің ішкі жағдайы ( мектептіңоқу-тәрбие  жоспары, жалпы оқушылар  саны, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы, мектеп мүлкінің жағдайы  т.с.с) 
2. «Қамқорлық» акциясын ұйымдастыру.
3. Желтоқсан  айында өтетін мектепішілік  іс-шараларға  қатысу. 

1. Тыңдалды: 
ДТІЖО Н.А.Ахмадиева – мектеп  әкімшілігі, ұстаздары, оқушылар кеңесімен ата-аналар тобының бірлесуімен құрылған мектептің ішкі ережесін, мектептің  оқу –тәрбие жоспарын тағы нақтылап атап   өтті. Жалпы оқушылар мен ұстаздар саны, жетім, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушылардың мәліметі, мектеп мүлкінің жағдайы жайлы мәліметтермен таныстырып шықты. Осы арада мектеп директоры Ж.Т.Сансызбаева мектептің ішінде бөлініп оқитын сыныптарға кабинеттердің жетіспейтіндігін айтты. Сол себепті қосымша кабинеттер жасақтауға ерікті спонсорлады тартуға көмек көрсетулерін сұрады.

2. Тыңдалды: 
ДТІЖО С.Сұлтанбекқызы  - «Қамқорлық» акциясының 10 қаңтар-10 ақпан аралығында өтетіні жайлы және акцияның мақсаты және өту барысымен таныстырды. Акцияның мақсаты: жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балаларға Қазақстан Республикасының Заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету . Әлеуметтік себептер бойынша (киім, аяқ киім, оқу құралдары, мектептік керек жарақтарының) сабаққа балалардың келмеуінің алдын алу деп айтып өтті. Акция барысында қамқорлық концертін ұйымдастыру туралы ұсыныс айтты.

3. Тыңдалды: 
ДТІЖО Н.А.Ахмадиева – 2018-2019 оқу жылындағы оқу –тәрбие жоспарында көрсетілген желтоқсан айында өтетін іс-шаралар: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Ар-намысым, мақтанышым - Желтоқсан», «Жаңа жыл - 2019» мерекелерінің өту барысы (сурет галереясы, қолөнер көрмесі, мәжіліс залын безендіру, қатысатын оқушылар, келетін қонақтар, шырша безендіру, кейіпкелер костюмдері) туралы мәлімдеді.
Шешімі:
1.Мектептегі қамқорлықтағы балаларға көмек көрсету үшін ерікті спонсорлар тартылсын.
2.«Қамқорлық»  акциясының өту барысы жоғарғы деңгейде   ұйымдастырылсын.
3.Жоспарланған  мерекелік  іс-шаралар жоғарғы  деңгейде өткізілсін. Қамқоршылық кеңес мүшелері мектеп өміріне белсене ат  салыссын.


Қамқоршылық  кеңесінің төрайымы              М.Т.Такперова.

Хатшы                                                А.Т.Ержанова.