Оқушылар жетістіктері » №14 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№14 орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 53-56-22
Есепші бөлімі:
++7(7274) 53-56-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
февраль
2018

Оқушылар жетістіктері

2018 жылдың ақпан айында, Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ІІІ Қысқы чемпионаты өтті. Аталған шарада Талдықорған қаласы №14 орта мектеп-гимназиясының 8 «Б» сынып оқушысы Байболат Мейір Әділұлы жасөспірімдер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша кіші жас тобында 19,60 нәтижесімен кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өтуде І орын иеленгені үшін жарыстың бас төрешісі Н.Мадьяровтың грамотасымен марапатталды.
Сонымен қатар, Алматы облысына әкелген жеңісіүшін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Д.Байсариевтің Алғыс хатымен марапатталды. Өзінің Алғыс хатында Д.Байсариев мырза Байболат Мейірге алдағы уақытта білімі мен бай тәжірибесін облыс игілігіне жұмсайтынына сенім білдіретінін жеткізді.