Ақпарат » Страница 4 » №14 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№14 орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 53-56-22
Есепші бөлімі:
++7(7274) 53-56-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шинкиокушинкай каратэден Алматы облысының Чемпионаты өтті
30
март
2021
Шинкиокушинкай каратэден Алматы облысының Чемпионаты өтті
Балалар және жасөспірімдер арасында ШИНКИОКУШИНКАЙ каратэден Алматы облысының ЧЕМПИОНАТЫ болып, оқушымыз Омаргазиев Ернар өз салмақ дәрежесінде І орынды иеленді. Жетістігіміз көп болғай! 
Ұлттық ойын тоғызқұмалақ, арқан тарту, садақ ату түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.
30
март
2021
Ұлттық ойын тоғызқұмалақ, арқан тарту, садақ ату түрлерінен жарыс
Наурыз мерекесі қарсаңында құндылықтарымызды насихаттап, шығармашылығымызды шыңдау мақсатында ұлттық ойын тоғызқұмалақ, арқан тарту, садақ ату түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Тоғызқұмалақ ойынының қыр сырын оқушыларымызға жетік меңгертіп жүрген дене шынықтыру пәні мұғалімі Сәкен Еретаевичтің сабақ беретін 3 г сынып оқушылары жүлделі орындарды иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды. 
"Атақты қазақ кино актерлері" атты танымдық сабақ
30
март
2021
"Атақты қазақ кино актерлері" атты танымдық сабақ
27 наурыз халықаралық театр күніне орай оқушыларға кино әлемінің шығу және даму тарихын таныстыру мақсатында музыка пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Атақты қазақ кино актерлері" атты танымдық сабақтар өтті. 
"Менің Эко - үйім" атты тақырыпта онлайн эко - сабақ
30
март
2021
"Менің Эко - үйім" атты тақырыпта онлайн эко - сабақ
  2020-2021 оқу жылының көктемгі демалыс кезеңінде биология пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Менің Эко - үйім" атты тақырыпта онлайн эко - сабақтар өткізілді. 
Үстел теннисінен жалпы мұғалімдер арасында өткен Республикалық турнир
30
март
2021
Үстел теннисінен жалпы мұғалімдер арасында өткен Республикалық турнир
  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "СПОРТ ЖҰЛДЫЗДАРЫ" жүлдесі үшін үстел теннисінен жалпы мұғалімдер арасында өткен Республикалық турнирде ІІІ орынды иеленген дене шынықтыру пәні мұғалімі СӘКЕН ЕРЕТАЕВИЧТІ құттықтаймыз. Еңбегіңіз жемісті, жылдарыңыз жеңісті болып, гимназиямыздың қоржынын жүлделі орындармен толықтыра беріңіз. 
“Педагогтардың эмоционалды тұрақтылығы” атты тренингі.
25
март
2021
“Педагогтардың эмоционалды тұрақтылығы” атты тренингі.
   2021 жылдың Наурыз айының 25 күні 282 мектеп-лицейінде “Педагогтардың эмоционалды тұрақтылығы” атты тренинг өткізілді. Мақсаты: Психоэмоционалды күйін реттеу дағдысын қалыптастыру. Педагогтардың эмоционалды  күйінің алдын-алу. Қарым-қатынастағы біліктілігін арттыру. Ұйымдастырған мектеп психологтары Абайділдаева С. Косымбаева Б.  
Алматы облысы белбеу күрес федерациясы  облыстық чемпионат
25
март
2021
Алматы облысы белбеу күрес федерациясы облыстық чемпионат
  Алматы облысының белбеу күрес федерациясының ұйымдастыруымен өткен облыстық чемпионатта оқушымыз Қыдырмолда Даниял өз салмақ дәрежесінде жүлделі ІІ орынды иеленді. Ұлыстың ұлы күнінде гимназиямыздың қоржынын спорттағы жетістігімен толықтырған Даниял ұлымызға үлкен жеңістер тілейміз.  
Әз-Наурыз мерекесі
25
март
2021
Әз-Наурыз мерекесі
Он саусақтарынан өнер тамған ұл- қыздарымыздың Әз-Наурыз мерекесіне арнап салған суреттері мен қолөнер туындылары. Шығармашылық жолында шыңдала беріңіздер!
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау /Прием документов в 1 класс
20
март
2021
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау /Прием документов в 1
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.  Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.  Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады.