Ақпарат » Страница 2 » №14 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№14 орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 53-56-22
Есепші бөлімі:
++7(7274) 53-56-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
2021 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕР МЕН АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
27
май
2021
2021 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕР МЕН АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
Тестілеу форматы түбегейлі өзгерді. 1. Егер бұрын түлектерге қағаз кітапшалар мен жауаптарды бояп толтыру парақтары таратылса, енді тестілеу электрондық форматта жүргізіледі. Әр қатысушыға компьютер беріліп, оның әрекеттерін бейнекамералар бақылайды. Прокторинг жүйесі іске қосылған. Сонымен қатар арнайы орталықта кезекшілер балаларды камера арқылы бақылап отырады. Тапсырмалардың нұсқалары тестілеуді тапсырар алдында автоматты түрде құрылады, ҰБТ-ны тапсыру орны мен уақытын әр қатысушы өзі
2021 жылғы шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары
05
май
2021
2021 жылғы шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары
Мектебімізде 2021 жылғы шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы оқушылар мен ата-аналар арасында ZOOM   платформасы мен Вацап желісі арқылы жиындар өтіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі туралы ақпараттар беріліп, ТЖБ маманы Нұртеміров Болат Асланұлы тарапынан адам өмірінің қауіпсіздігін сақтаудағы барлық жадынамаларды ұстануға шақырды. Мектеп инспекторы Е.Ақыбаева оқушыларға жолда жүру ережесі туралы баяндап өтті. 
1 мамыр - Қазақстан Халықтар бірлігі күні
05
май
2021
1 мамыр - Қазақстан Халықтар бірлігі күні
1 мамыр - Қазақстан Халықтар бірлігі күніне орай  3 "Г" сынып оқушыларымен Л.Салтакованың ұйымдастыруымен  ZOOM платформасында  "Ынтымағы жарасқан туған өлкем-Қазақстан" тақырыбында  тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды ынтымаққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға , көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Е.Хасанғалиевтің "Атамекен" әні шырқалып, оқушылар бірлік күніне арнаған өлеңдерін оқыды. 
Рухани адамгершілік, азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық сағаты
30
апрель
2021
Рухани адамгершілік, азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде
Мектебімізде рухани адамгершілік, азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жоғары сынып оқушыларымен ақпараттық сағаттар болып өтті. Саналы ұрпақ тәрбиелеудегі жарқын бастамалар мен іс шаралар қайырымды қоғам қалыптастыратыны сөзсіз. 
«Қазақстанның экологиялық мәселелері» тақырыбында танымдық сағаты
30
апрель
2021
«Қазақстанның экологиялық мәселелері» тақырыбында танымдық сағаты
Экологиялық білім беру апталығында биология пәні мұғалімі Ержанқызы Нәзиза  7-8  сынып оқушыларымен «Қазақстанның экологиялық мәселелері» тақырыбында танымдық сағатын өткізді. Оқушыларға маңызды ақпараттар беріліп, кері байланыс жасалды. Танымдық сабақтың мақсаты оқушыларға экологиялық тәрбие арқылы олардың дүниетанымын, табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру.Табиғатты сүйе білуге, қорғай білуге тәрбиелеу. 
"Чернобыль-қайғылы оқиға, ерлік, ескерту" атты бірыңғай сынып сағаты
28
апрель
2021
"Чернобыль-қайғылы оқиға, ерлік, ескерту" атты бірыңғай сынып сағаты
Ағымдағы жылдың 26 - 30 сәуір аралығында "Чернобыль-қайғылы оқиға, ерлік, ескерту" атты бірыңғай сынып сағаттары, "Чернобыль балалардың көзімен" атты сурет көрмесі, әдеби -танымдық сағаттар өткізу үшін іс шара жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда. 
"Менің Эко үйім", "Жасыл мекен", "Экология және біз" деген тақырыптарда сынып сағаты
28
апрель
2021
"Менің Эко үйім", "Жасыл мекен", "Экология және біз" деген
Мектебімізде экологиялық білім берудің жалпы Республикалық апталығы аясында, тәрбиенің 5 ші бағыты экологиялық тәрбие беру бойынша "Менің Эко үйім", "Жасыл мекен", "Экология және біз" деген тақырыптарда сынып сағаттары өтіп, оқушыларға экологиялық проблемалар, ауаның ластану мен оны шешудің жолдары, адам мен табиғаттың байланысы жайында түсінік беріліп, оқушылар бойындағы экологиялық жауапкершілікті арттыру, салауатты өмір салты мен мәдениетті қалыптастыруға шақырылды. 
COVID-19 вирусы таралуының алдын алу
28
апрель
2021
COVID-19 вирусы таралуының алдын алу
Қымбатты АТА-АНА, жаһандық пандемия COVID-19 вирусы таралуының алдын алуда ӘР БІР БАЛА БІЛУІ қажет қолжетімді, қарапайым және маңызды тәсілдер. 
"Қауіпсіз интернет" Республикалық акциясы
14
апрель
2021
"Қауіпсіз интернет" Республикалық акциясы
4-19 сәуір аралығында жүргізіліп жатқан "Қауіпсіз интернет" Республикалық акциясы аясында мектеп психологы Гаухар Жеңісқызы мен медбике Алтынай Манабайқызы 8-11 оқушыларымен zoom платформасы арқылы "Әлеуметтік желі арқылы ұсынылатын зиянды әдеттерден абай болайық!" атты жиын өткізіп, оқушыларға кеңестер берді. 
"Елбасы медалі" жобасы
14
апрель
2021
"Елбасы медалі" жобасы
Сүйінші!!! Білекке емес, білімге сенген заманда шәкірттеріміз Қойшыбекова Маржан мен Асқар Дильназ "Елбасы медалі" жобасына қатысып, өз шығармашылықтарын шыңдап,  қола медаль иегерлері атанды. Тәуелсіздігіміздің болашағы, ертеңгі үмітіміз - алдымызда отырған шәкірттеріміз екені белгілі. Аяулы қыздарымызға ата-ана, ұстаз алдындағы үмітті ақтар азаматшалар шығатынына кәміл сенеміз деп өз жылы лебізімізді білдіреміз.