Елімізде енді ғана дамып келе жатқан инновациялық саланың бірі робототехника » №14 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№14 орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 53-56-22
Есепші бөлімі:
++7(7274) 53-56-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Елімізде енді ғана дамып келе жатқан инновациялық саланың бірі робототехника
02
июнь
2021

Елімізде енді ғана дамып келе жатқан инновациялық саланың бірі робототехника

Адамның қолы жетпеген жерге ойы жетеді. Мұның дәлелі – бүгінгі заманауи роботтар. Елімізде енді ғана дамып келе жатқан инновациялық саланың бірі робототехника болғандықтан, мектебімізде бұл пән ретінде жазғы мектепте өткізіліп жатыр. Бүгінде бала санасын дамытып, ой-өрісін тереңдету және жетілдіру мақсатында робот техникасын үйретуді мектебіміздің IT саласының маманы Еділғазы Әділет қолға алды.Оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын оятатыныны алғашқы күннен байқалды. Шәкірттеріміз ең алдымен робот- машиналарды құрастырып, ұялы телефон құрылғысы арқылы басқарып отыр. Оқушыларымыздың заманауи  саланы қызығушылықпен меңгеріп жатқаны көңілге қуаныш ұялатып, болашағынан зор үміт күттіреді.