«Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті. » №14 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№14 орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 53-56-22
Есепші бөлімі:
++7(7274) 53-56-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.
21
январь
2021

«Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті. 
Сәкен Сейфуллин – мемлекет және саяси қайраткер, ақын және жазушы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ол қазақ халқының жандануы мен өркендеуі үшін өз өмірін қиған қазақ қайраткерлерінің тобына жатады. Сәкен Сейфуллиннің сан қырлы күрделі болмысындағы ерекше қасиеттерінің бірі – жас ұрпақтың білім-ғылымына деген адалдығы. Оның поэзиясының басты идеясы – дос қадірін білу, достыққа адалдық. Ақын адалдық пен арамдық, мансап пен ар-ұждан, достық пен қастықтың аражігін аша жазып, адам үшін құнды байлық – достықты жырлап өткен. Жас ұрпақты париоттыққа, Отанын сүюге, халық тілегін іс жүзіне асыруда қандай қауіп қатерден де қорықпай, қиындықты жеңе білуді үлгі етуде Сәкендей тұлғаның орны ерекше. 
Адалдық, кішіпейілділік, ар азығына кір келтірмеушілік,  шыншылдық сынды құндылықтарды таза сақтап қалған тұлғасымен және көркем туындылары арқылы ол кейінгілерге – ұстаз. 
Ел жастарына осы туралы бүгінгі онлайн «Адалдық сағатында» толық айтылды.
Бейне-дәріске сілтеме: