Дарындылар шеруі » №14 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№14 орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 53-56-22
Есепші бөлімі:
++7(7274) 53-56-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
май
2023

Дарындылар шеруі

№14 орта мектеп-гимназиясында  2022-2023 оқу жылында қала, облыс, республика көлемінде әртүрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленген  бастауыш сынып оқушыларын мадақтауға араналған дарындылар шеруі өтті.  Мектеп қабырғасында және мектептен тыс ұйымдарда олимпиадалар мен түрлі спорттық, шығармашылық  сайыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, сайыс додаларында оза шауып бәйге алған оқушыларымыздың жетістіктерімен бөлісіп, жетекші ұстаздары мен ата-аналарға алғысымызды білдірдік. ! Осы жетістікпен  тоқтап қалмай, әрқашан алға жылжуды, кез-келген шыңдарды бағындыруды тілейміз. Табысқа жету жолында әрқашан жұлдыздай жарқырай беріңіздер.