"Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы" тақырыбында құндылықтарға негізделген облыстық семинар өтті. » №14 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№14 орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 53-56-22
Есепші бөлімі:
++7(7274) 53-56-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы" тақырыбында құндылықтарға негізделген облыстық семинар өтті.
13
май
2022

"Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы" тақырыбында құндылықтарға негізделген облыстық семинар өтті.

"Алматы облысы білім басқармасы" ММ "Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы" КММ ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы 14 орта мектеп-гимназиясында "Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы" тақырыбында құндылықтарға негізделген облыстық семинар өтті. Семинардағы негізгі мақсат құқықбұзушылықтың алдын алу, тәрбие үдерісіндегі іс-әрекетті зерттеу бойынша іс тәжірибемен бөлісу. Облыс деңгейінде өткізілетін семинардың ашылу салтанатында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Қайрат Серікұлы, қалалық білім бөлімінің әдіскері Ұлжанат Әуелхановна, 14 ОМГ директоры Жанара Тукашовна алғы сөздерін айтып, тәрбие жұмысының өзекті мәселелеріне тоқталды. Семинарда гимназия педагогтері «Тәрбие жұмысын жүргізуде іс-әрекетті зерттеуді қалай ұйымдастыруға болады?», «Гипербелсенді баланы сыныптағы оқушылармен қарым-қатынасын қалай жақсартуға болады?», «Оқушы, мұғалім және ата-ана  қарым-қатынастарын 4 К моделі арқылы қалай дамытуға болады?» зерттеу сұрақтары бойынша тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Сабақ соңында кері байланыс беріліп, диалогтік алаңда қатысушылар пікір алмасты. Семинар қорытындысында облыстық оқу әдістемелік орталығының  алғыс хаттары табыс етілді.