“Темекі-зор кесел” атты кездесу өткізілді » №14 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№14 орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 53-56-22
Есепші бөлімі:
++7(7274) 53-56-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Темекі-зор кесел” атты кездесу өткізілді
29
октябрь
2021

“Темекі-зор кесел” атты кездесу өткізілді

Гимназиямызда "Наркобекет” ұйымының жұмысын жандандыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, зиянды әдеттердің орын алмауы үшін ұйымның жұмыс жоспарына сәйкес ДТІЖО, мектеп психологтары, ұйым жұмысының жүргізілуіне белсенділік танытып жүрген тарих пәні мұғалімі Инкар Асхатовналардың ұйымдастыруларымен  мектебімізде іс-шара өтті. Тақырыбы:  “Темекі-зор кесел” , “Мы-против курения”. Мақсаты: зиянды әдеттерден аулақ болу (есірткі, темекі, ішімдік ішу, электронды темекі шегу) , салауатты өмір салтын қалыптастыру).
Кездесуге Нарко қылмысқа қарсы бөлім басқармасының капитаны Мекзамов Ербол Серикболұлы бастаған мамандар  келіп, шәкірттерге   түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нарко қылмысқа қарсы бөлім басқармасының аға лейтенанты Мутерко Виктория оқушыларға лекция оқып, қойылған сауалдарға жауап берді. 2020 жылғы Токио Олимпиада ойындарының қола медаль иегері Игорь Сон сөз алып, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуға шақырды. Алматы облыстық Психологиялық денсаулықты қолдау ортылығының бас маманы, дәрігер Ергабылов Максат Бейбитович  жас ұрпаққа өз кеңестерін айтып өтті. Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналылыққа, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа, лас істерден аулақ болуға шақырды. Алматы облысы Полиция департаменті  Кинология орталығының полиция пайоры Мусапиров Ерлан Асылжанұлы мектеп оқушыларына тәжірибе жүзінде  оқу-жаттығуларын көрсетті. Кездесу “Кімде-кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл-қыз болам десе – арақ ішпесін! Өз ортасына қадірлі адам болам десе – темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат болам десе – нашаға әуестенбесін!” деген үндеумен аяқталды.