№14 орта мектеп –гимназиясы бойынша ата –аналармен жүргізілген дамытушылық сұхбатқа анықтама » №14 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№14 орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 53-56-22
Есепші бөлімі:
++7(7274) 53-56-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №14 орта мектеп –гимназиясы бойынша ата –аналармен жүргізілген дамытушылық сұхбатқа анықтама
19
январь
2021

№14 орта мектеп –гимназиясы бойынша ата –аналармен жүргізілген дамытушылық сұхбатқа анықтама

Гимназия бойынша ата-аналармен жұмыстың неғұрлым тиімділігін арттыру үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кез келген мәселенің жауабы ата-ананың шешімімен қабылдануы тиіс. Осыған байланысты орта буын сыныптары оқушыларының ата-аналарымен дамытушылық сұхбаттасу жүргізілді. 10 сұрақтан тұратын сұхбаттасуға 143 ата-ана қатысты. Сұхбаттасу нәтижесінде жаңартылған бағдарламаның енуі көпшілік ата-ана тарапынан қолдау тапты. «Бала тәрбиелеуде жазалау мен мадақтау әдіс –тәсілдерін қаншалықты тиімді пайдаланасыз?» - деген сұраққа ата-аналардың басым бөлігі баланың ойын тыңдау, балаға нық сенім білдіру, дұрыс бағытқа жетелеу арқылы ғана яғни мадақтау жолымен балаға саналы тәрбие беретіндіктерін жеткізді.

Оқушылармен жүргізілген дамытушылық сұхбат бойынша анықтама

Оқушыларға берілген дамытушылық сұхбат сұрақтары оқушының өзін өзі талдауына жол береді. Осы талдау арқылы сұхбаттың мақсаты мен мазмұнын белгілейміз және жүзеге асырамыз. Сұхбат нәтижесінде оқушылар мектепте қиыншылық тудыратын мәселелердің жоқтығын, оқушының білім алуы үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілгендіктерін, бойларындағы жағымсыз қасиеттер жалқаулықпен асыра еркелеуді  тоқтату, бос уақыттарын үйірме, спорт секцияларына қатысып тиімді пайдаланатындықтарын жеткізді.